Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
М радиатор торы

М радиатор торы

Қара хром жақтауы бар қара алдыңғы тор және қара жылтыр түсті M8 эмблемасы автокөлігіңіздің спорттық сипатына қатты назар аудартады.

Қара жылтыр түсті артқы көрініс айналары

Қара жылтыр түсті артқы көрініс айналары

Қара жылтыр артқы көрініс айналары M8 Competition моделіне ерекше спорттық сипат береді. Қосымша M Carbon сыртқы топтамасымен айна қақпақтары карбон қоспасы бар пластиктен (CFRP) жасалған.

М бүйірлік желбезектер қара түсті

М бүйірлік желбезектер қара түсті

Алдыңғы қанаттардағы М бүйірлік жапсырмалары қара түсті, ал M8 эмблемасы бар кіріктірілген ендірме қара хром түсті. Қосымша M Carbon топтамасында көміртекті пластик қолданылады.

M артқы спойлер қара түсті

M артқы спойлер қара түсті

Қара жылтыр түсті М артқы спойлері автокөліктің спорттық мүсінін ерекше көрсетеді және қажетсіз көтерілуді айтарлықтай азайтады. Қосымша сыртқы M Carbon топтамасымен M артқы спойлері көміртекті пластикпен (CFRP) әрленген.

Қара түсті жұмсақ төбе

Қара түсті жұмсақ төбе

Қара түсті жұмсақ төбе автокөліктің қарқынды бейнесіне қонып тұр. Түймені басқан кезде ол 50 км/сағ жылдамдық жүрісінде шамамен 15 секундтың ішінде электржетекпен ашылып жабылады. Бұл жоғары сапалы жұмсақ төбенің керемет қасиеттерінің бірі – оның керемет шу өткізбейтіндігінде.

Merino'/Alcantara былғары әрлемесі

Merino'/Alcantara былғары әрлемесі

Midrand Beige кереғар түсі бар Merino Black шынайы былғарыдан жасалған екі түсті әрлеме тек M8 Competition моделіне арналған. Бұл жабдық бүйірлік ендірмелермен және орталық консольдің алькантара астарымен толықтырылған.

М қауіпсіздік белбеулері

М қауіпсіздік белбеулері

Кергі және белбеу күшін шектейтін M қауіпсіздік белбеулері классикалық M түстерінде талғампаз матамен мақтана алады және интерьердегі ерекше сапалы және спорттық атмосфераны көрсетеді.

M8 Competition белгісі бар есік табалдырықтары

M8 Competition белгісі бар есік табалдырықтары

Сізді және алдағы жолаушыны автокөлікке мінген бойда M8 Competition белгісі бар табалдырықтар қарсы алады. Алдыңғы сол және оң жақ табалдырықта орналасқан жапсырмалардың қара ендірмелеріндегі белгі сапа мен эксклюзивтілікті көрсетеді.

М беріліс селекторы

М беріліс селекторы

Жаңа дизайндағы M беріліс селекторы ерекше ауыстырып қосу схемасымен және тамаша жұмыс істеу қабілетімен ерекшеленеді. «S» қол режимінде жүргізуші селектор тұтқасын немесе M әдеттегі тәсілмен руль астындағы ауыстырып-қосқыштарды қолдана отырып, берілістерді қолмен ауыстыра алады; «D» режимінде ауыстыру автоматты түрде жүреді. Үш берілісті ауыстыру бағдарламасына арналған Drivelogic ауыстырып-қосқышы және тұрақ құлпына арналған P түймесі М логотипінің астында орналасқан.

М аспаптар тақтасы

М аспаптар тақтасы

M арнайы аспаптар тақтасы әсіресе спорттық мәнерде жүргізу үшін қосымша ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Егер сіз жарыс жолында TRACK қозғалыс режимін таңдаған болсаңыз, аспаптар тақтасында үрлеу қысымын, шинаның қысымы мен температурасын, көлденең және бойлық үдеудің ауырлық күшін көруге болады.

Тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

Тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышы

Тиімділігі жоғары M TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензин қозғалтқышының соңғы нұсқасы ең соңғы стандарттарға сай өнімділікке кепілдік береді. Жоғары айналымды қондырғы 460 кВт (625 а.к.) қуатына дейін жетеді. Екі турбокомпрессор оңтайлы жауап беру сипаттамалары бар цилиндрлердің көлденең орналасуымен өзінің шығару коллекторының арқасында ерекшеленеді. V8 қозғалтқышы жарыс жолындағы экстремалды жүктемелерге арналған.

Бейімделетін М аспасы

Бейімделетін М аспасы

Бейімделетін М аспасы демпфердің сипаттамаларын кез келген жүргізу жағдайына сәйкес реттеуге мүмкіндік береді, ал ол, өз кезегінде, көлік жүргізу қарқыны мен жайлылығын арттырады. Көлік жүргізу жайлылығын арттыру үшін стандартты COMFORT баптауынан бөлек, SPORT бағдарламасы демпфердің қатаң баптауларын ұсынады, ал SPORT+ көмегімен автокөлікті жарыс жолында басқаруға болады.

M xDrive

M xDrive

Белсенді M дифференциалы бар BMW M xDrive күнделікті жүру кезінде де, жарыс жолында да максималды тарту күші мен жүргізу динамикасына кепілдік береді. M арнайы технологиясы артқы жетектің әдеттегі маневрін толық жетекті басқарумен біріктіреді. Сіз 4WD, 4WD Sport және DSC-off режимінде 2WD жетек нұсқаларын таңдай аласыз.

8 сатылы M Steptronic беріліс қорабы

8 сатылы M Steptronic беріліс қорабы

Drivelogic функциясы бар 8 сатылы M Steptronic беріліс қорабы төтенше қарқындыдан бастап аса жайлы, бірқалыпты және үнемді отын шығынына дейінгі бірнеше ауыстырып қосу нұсқаларын ұсынады. Сіз берілістерді рульдегі берілісті ауыстыру тұтқасы немесе ауыстырып-қосқыштар арқылы қолмен ауыстыра аласыз немесе автокөлікті автоматты режимге ауыстыра аласыз.

Parking Assistant Plus

Parking Assistant Plus

Parking Assistant Plus автокөлікті тұраққа қоюды және маневр жасауды жеңілдетеді. Ол басқаларымен қатар, Surround View жүйесін, соның ішінде үстіңгі көріністі, панорамалық көріністі, 3D қашықтан көру мүмкіндігін, сондай-ақ бүйірлік тұрақ көмекшісін, тұраққа қоюды қашықтан белсенді басқаруды, шұғыл тежеу функциясын, сызықтық бағыттаушы тұрақ көмекшісін және артқа жүру көмекшісін қамтиды.

Driving Assistant Professional

Driving Assistant Professional

Driving Assistant Professional көптеген қиын немесе бір сарынды жүргізу жағдайларында рульді басқару және қозғалыс жолағын бақылау көмекшісі, соның ішінде тар жерлерде көмектесу, шұғыл тоқтату жүйесі, жергілікті қауіп туралы ескерту, бүйірлік соқтығысудан белсенді қорғанысы бар жолақта ұстау көмекшісі және басқа да қауіпсіздік мүмкіндіктері арқылы оңтайлы жайлылық пен максималды қауіпсіздікті ұсынады.

М проекциялық дисплейі

М проекциялық дисплейі

Бапталатын құрамы бар M проекциялық дисплейі алдын ала ескерту диапазоны мен ауысу сигналы бар айналым есептегіші, сондай-ақ беріліс индикаторы сияқты спорттық жүргізуге қатысты ақпаратқа бағытталған. * тек BMW M8 Competition Кабриолетте және BMW M8 Кабриолетте қолжетімді

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional

Навигация функциясы бар BMW LIVE Cockpit Professional сенсормен басқаруға болатын 10,25 дюймдік ажыратымдылығы жоғары басқару дисплейінен, толық цифрлық 12,3 дюймдік аспаптық дисплейден және М проекциялық дисплейінен тұратын жоғары сапалы дисплей желісін қамтиды.

Сипаттамалары мен бағалары

car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
57 531 580 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW 530i xDrive

Бензиновый
Автомат
Полный привод
40 503 866 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X6 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
57 225 253 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW 530i xDrive

Бензиновый
Автомат
Полный привод
38 935 156 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X5 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
58 069 722 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X6 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
59 450 919 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW X6 xDrive40i

2998 см3, 340а.к., Бензиновый
Автомат
Полный привод
54 719 716 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW 530i xDrive

Бензиновый
Автомат
Полный привод
40 292 082 тг
Өтінім қалдыру
car

BMW 530i xDrive

Бензиновый
Автомат
Полный привод
38 531 069 тг
Өтінім қалдыру
Сұраныс қалдыру
Тест-драйв қызметіне жазылу

BMW M8 Cabrio

img