Арманыңыздағы BMW-ға апарар жол. 

Trade-in бағдарламасы аясында Бавария Қарағанды автоорталығы сіздің мінілген автокөлігіңізді жаңа BMW құны есебіне қабылдайды. Шығарылған күніне қарамастан, кез келген брендтің автокөліктері айырбастауға қабылданады.

Сонымен қатар сізге ыңғайлы болуы үшін біз сіздің автокөлігіңізді комиссиялық мақсатта сату және сатып алу қызметін ұсынамыз:

Ендігәрі автокөлігіңізді сату үшін клиенттерді іздеудің қажеті жоқ. Біз барлық жұмысты өзіміз атқаруға дайынбыз.
Бағалау және диагностика процедурасы бірнеше сағат ішінде жүзеге асырылады.
Төлем мәміле жасалған күні жүзеге асырылады.

Біз мәміленің барлық кезеңінің қауіпсіз, жеңіл әрі ашық өтетініне, сондай-ақ жоғары сапада қызмет көрсетілетініне кепілдік береміз.

Толығырақ ақпарат алу, сондай-ақ автокөлігіңіздің құнын бағалау үшін сайтта өтінім қалдыра аласыз немесе 50 43 43 нөмірі бойынша дилерлік орталықтың кеңесшісіне хабарласа аласыз.

Өтінім қалдыру