16 қаңтар 2019
Басты бет   /   Жаңалықтар

MINI 60 YEARS COLLECTION эксклюзивті сериясы.

60 жылдық мерейтойына орай MINI бренді эксклюзивті үлгіні ұсынады. Сыртқы және ішкі кеңістікті безендірудегі бірегей дизайн шешімдері тек түпнұсқалықты ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған британдық марка автокөлігінің маневрлігін де көрсетуге арналған.
news

60 жылдық мерейтойына орай MINI бренді эксклюзивті үлгіні ұсынады. Сыртқы және ішкі кеңістікті безендірудегі бірегей дизайн шешімдері тек түпнұсқалықты ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған британдық марка автокөлігінің маневрлігін де көрсетуге арналған. Арнайы серияға MINI-дің 3 және 5 есікті нұсқалары кіреді, олардың әрқайсысы үшін төрт қозғалтқыш нұсқасы бар. Ресейде Cooper S қозғалтқышы бар MINI 3 есікті автокөлігі ұсынылады.

Дамуға деген ұмтылыспен бірге дәстүрлерді сақтау – аты аңызға айналған британдық брендтің алғашқы ықшам автокөлігі нарыққа шыққаннан кейін 60 жыл өткен соң MINI тарихын дәл осылай сипаттауға болады, соның арқасында керемет өңдеу және кеңістікті ұйымдастыруға креативті көзқарас сияқты сипаттамалар бүкіл әлемге танымал болды.

Осы маңызды күнді атап өту үшін сарапшылар тобы британдық шығу тегі мен MINI-ге тән ептілікті көрсететін арнайы дизайн элементтері бар үлгіні ұсынды. MINI 60 YEARS COLLECTION дизайны мен эксклюзивті жоғары сапалы жабдықтары брендтің ажырамас бөлігі — спорттық рухтың бейнесі болады, ол тіпті қала көшелерінде күнделікті сапарларда да сезіледі. MINI 60 YEARS COLLECTION эксклюзивті сериялы автокөліктері Ресей нарығында 2019 жылдың бірінші жартысында пайда болады.

Спорттық құмарлық — бұл MINI брендінің ДНҚ-сына енгізілген философия мен серпіліс. Классикалық Mini моделі 1959 жылы нарыққа шыққанға дейін де жаңа ықшам автокөліктің дизайн шешімдері ішкі кеңістіктің сипаттамаларына ғана емес, сонымен қатар басқаруға да әсер ететіні анық болды. Спорткарларды жасайтын Джон Купер ықшам төрт орынды автокөліктің жарыстық әлеуетіне сенді. Классикалық Mini үлгісінің авторы Алек Иссигониспен бірлесе отырып, ол 1960 жылдары Монте-Карло раллиінде үш жеңіспен аяқталған айналма және ралли трассаларында модельдің керемет жетістігінің негізін қалап, қуатты қозғалтқышы бар ықшам автокөліктің әртүрлі конструкция нұсқаларын әзірледі.

Спорттық брендтің жетістігі, ең алдымен, британдық жарыс автокөліктеріне тән MINI 60 YEARS COLLECTION шанағының әрлемесінен білінеді. Бұл дәстүр автоспорттың алғашқы күндерінде басталды және ол соңғы уақытқа дейін сақталды. British Racing Green IV жасыл түсі премиалды модельдің сипаты мен шығу тегін анық көрсетеді. Ресейде эксклюзивті серия British Racing Green IV-де Pepper White әрлемесімен ұсынылады. Арнайы сериялы автокөліктердің көрікті келбеті капоттағы арнайы мерейтойлық жолақтармен және 60 Years Spoke эксклюзивті жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілерімен екі түсті нұсқада аяқталады.

Жарқын 60 Years логотипі капоттың сол жағымен қатар бұрылыс көрсеткіштері аймағындағы кеңістікті, жүргізуші мен алдыңғы жолаушының табалдырықтарын да безендіреді. Салонда оны арнайы сәндік ендірмелерден, алдыңғы орындықтардың бассүйегіш қаптауыштарынан және рульден көруге болады. Мерейтойға арналған дизайнерлік реңктердің бірі – жүргізуші есігін ашқан кезде логотипті автокөліктің жанындағы кеңістікке жарықдиодпен түсіретін проекция. Мерейтойлық сериядағы автокөліктердің стандартты жабдықтарының тізіміне былғарыдан жасалған спорттық руль және Dark Maroon эксклюзивті түсті MINI Yours Leather Lounge 60 Years былғарысыан жасалған спорттық орындықтар кіреді.

Басқа жаңалықтар:

news

Жаңа MINI Lifestyle 2018-2020 топтамасы.

20 шілде 2018

Пішіндерді нақты пайдалану, сөзсіз танылатын дизайн және жоғары сапалы материалдар – MINI Lifestyle 2018-2020 жаңа топтамасының айрықша белгілері. Топтамада 100-ден астам элемент – гардеробтың әртүрлі бөліктерінен бастап стильді аксессуарларға дейін бар.

news

MINI Kazakhstan фотобайқауы

19 сәуір 2018

Достар, Қазақстан аумағындағы MINI брендінің ресми импорттаушысы «Бавария автоорталығы» және MINI жүргізушілері отбасы (@minipeople.kz) фотоконкурсты зор қуанышпен жариялайды!

news

Оливер Хельмерге 10 сұрақ.

31 қаңтар 2018

MINI бас дизайнері Оливер Хельмер үшін дизайн жай ғана мамандық емес, ол нағыз кәсіп. 43 жастағы дизайнер ол үшін жақсы дизайн нені білдіретіні туралы ойларымен бөлісіп, MINI брендінің болашағына арналған жоспарлары туралы айтады.