MINI жаңартылған хэтчбектер мен кабриолеттерді ұсынды
Модельдер дизайны Ұлыбританияның ұлттық туы стилінде жасалған LED-фаралар мен жаңа артқы LED-фараларға ие. Рестайлингтен кейін автокөліктердің логотипі өзгерді. 2011 жылы MINI логотипінде алғаш рет көрсетілген үш өлшемді стильден бас тарту туралы бұрын шешім қабылданған.
3, 5 есікті хэтчбек пен кабриолет жабдығы 6,5 дюймдік сенсорлы экраны бар жаңа мультимедиа жүйесімен, смартфонның сымсыз зарядтағышымен, көп функциялы рульмен, Apple CarPlay қолданбасына қолдау көрсетуге және автокөлікті смартфонмен байланыстыруға арналған MINI Connected қызметімен жақсартылды.
Жаңа шанақ түстері мен күңгірт декор топтамасынан басқа, салонның жаңа әрлеу нұсқалары қолжетімді. Сонымен бірге рестайлингтен кейін британдық автоөндіруші 2017 жылдың желтоқсанында енгізген 3D-баспа көмегімен өз сәндік элементтерін жасау опциясы клиенттерге қолжетімді болды.
Жаңартылған MINI үш турбодизельден және екі бензиндік турбомотордан тұратын моторлар желісіне ие болады, олар үшін опция ретінде бұрын жарияланған 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабына тапсырыс беруге болады. Қозғалтқыштар жетілдірілді және, «роботтан» бөлек, 6 сатылы механикалық беріліс қорабымен және 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен үйлесімді болуы мүмкін.
Басқа жаңалықтар:
MINI 60 YEARS COLLECTION эксклюзивті сериясы.
60 жылдық мерейтойына орай MINI бренді эксклюзивті үлгіні ұсынады. Сыртқы және ішкі кеңістікті безендірудегі бірегей дизайн шешімдері тек түпнұсқалықты ғана емес, сонымен қатар аты аңызға айналған британдық марка автокөлігінің маневрлігін де көрсетуге арналған.