Жаңа MINI HATCH.

Жаңа MINI HATCH.

Сұраныс қалдыру
Новый MINI HATCH.

Үлгі артықшылықтары

ЖАҢА АЛДЫҢҒЫ БАМПЕР.

MINI 3 есіктері әсерлі және заманауи дизайны бар бампермен ерекшеленеді. Оның сол және оң жағындағы ауа өткізгіштер аэродинамиканы айтарлықтай жақсартады және, осылайша, сіздің MINI-дің отын үнемділігін жақсартуға елеулі үлес қосады.

PIANO BLACK ТҮСТІ ГАЗ ШЫҒАРАТЫН КЕЛТЕҚҰБЫРЛАР.

Айқын Piano Black түсі бар қосымша газ шығаратын келтеқұбырлар сіздің MINI көлігіңіздің күшті спорттық динамикасын көрнекі түрде бөлектейді. Олардың спорттық түрі автокөлікке барынша кең және барынша серпінді көрініс пен жол бойында әсерлі беріктік беру үшін кеңейтілген жаңа артқы бампер дизайнын тамаша толықтырады.

БЕЙІМДЕЛЕТІН ЖАРЫҚДИОДТЫ ФАРАЛАР.

Негізгі фаралардағы жарықдиодты жүріс жарықтарына, қуатты және тиімді жарықдиодты таяу және шалғай жарыққа қосымша ретінде бейімделетін фаралар да жарықты бейімді түрде тарату функциясына ие. Жарықдиодты артқы шамдар Union Jack дизайнымен ерекшеленеді, оны жасау үшін жарықдиодты оптикалық талшық технологиясы қолданылады. Жарықтың бейімделіп таралуы қалада, қаладан тыс жерлерде және жылдамдығы жоғары автомагистральда автокөліктің қапталындағы жолды жарықтандыруды жақсартуға ықпал етеді. Автоматты ф

БҮЙІРЛІК «ЖЕЛБЕЗЕКТЕРДІҢ» ЖАҢА ДИЗАЙНЫ.

Бір жағынан – стильді көрініс. Екінші жағынан – жайлылық. Бұрынғыша көз тартатын және заманауи көрінетін бүйірлік «желбезектер» кіріктірілген жарықдиодты бұрылыс көрсеткіштерінің арқасында cіздің MINI көлігіңізге одан да көп даралық береді. Сонымен қатар олардың жекелеген модельдерге тән кірістірмелері бар – Cooper үшін қара, «S» логотипі бар Cooper S үшін жылтыр қара және John Cooper Works үшін торлы дизайны бар күңгірт-қара және жеңіл қызыл екпіндер.

КӨП ФУНКЦИЯЛЫ АСПАПТАР ТАҚТАСЫНЫҢ ДИСПЛЕЙІ.

Біздің жаңа көп функциялы аспаптар тақтамыз әдеттегі спидометрдің орнын алады. Ол Black Panel әдемі дизайндағы диагоналі 5,0 дюйм құрайтын түрлі түсті дисплейден тұрады және әртүрлі – мысалы, айналу жиілігі, жылдамдық, бактағы отын деңгейі, жүріп өткен жол, температура және навигация жүйесінің нұсқаулары туралы ақпаратты ұсынады.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.